Ақтөбелік мемқызметкерлердің 12%-ы жұмыстан үйіне уақтылы қайтпайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 4 мың мемлекеттік қызметкер жасырын сауалнама сұрақтарына жауап берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап.

Сауалнамаға жауап бергендердің 12%-ы шамадан тыс, үстеме жұмыс атқаратындарын айтқан. Мысалы, мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үйлеріне уақытында қайтпайды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мамандарының айтуынша, оның себебі, өңірде мемлекеттік қызметкерлердің жетіспеуінде. Бүгінде әр салада 200 маманның орны бос тұр. Сондықтан бір маман екі адамның қызметін қоса атқаратын кездер де болады.

Сауалнамаға қатысқан қызметкерлердің 35%-ы «құқығымыз жоғары деңгейде қорғалады» десе, 51%-ы «орташа» деп көрсеткен. Ал 14%-ы құқығының жиі тапталатынын айтыпты. Одан бөлек, 3%-ының басшыларына көңілі толмайды. Осындай сауалнама жыл басынан бері екі рет жүргізілген.

"Өзінің жұмысынан тыс қосымша еңбекке жегілетін қызметшілердің үлесі 36%-ды құраған болса, ал кейіннен мамыр айында өткізілген сауалнама нәтижесінде ол көрсеткіш 12%-ға дейін түсті. Ең негізгі мақсат - осы жалпы өңіріміздегі мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын, олардың бостандығын, әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғау. Соңғы сауалнама нәтижесінде 94% мемлекеттік қызметшілер өздеріне төленіп жатқан жалақының, үстеменің, сыйақының, іс сапар төлемдерінің уақтылы төленетініне қанағаттанатындарын айтты. 94% жоғары көрсеткіш деп білемін",-дейді ҚР МҚІСЖҚ іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Расул Медетов. 

Соңғы жаңалықтар