Ақтөбелік келіншек сауда орталығында босанып қалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік келіншек қызын сауда орталығында өмірге әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сауда орталығының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

«Келушілердің бірі Lady Collection бутигінде босанып қалды. Сауда орталығының қызметкерлері үшін бұл тосынсый болды. Бәрі жедел шешім қабылдап, босандырып алған. Жедел жәрдем мен дәрігерлер жеткенше келіншек баласын бауырына басты», - деп хабарлады сауда орталығы әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы.

Сәбидің салмағы - 3 400 грамм, бойы - 52 см. Сауда орталығы ыдыс-аяқ, ал сәбиге ханшайымдарға арналған жинақты сыйға тарту етпек.

Соңғы жаңалықтар