Ақтөбелік келіншек бетін тілгілеп тастаған бұрынғы күйеуін сотта кешірді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін Ақтөбе қалалық сотында бұрынғы әйелінің бетін пышақпен аяусыз тіліп тастаған ер адамға қатысты іс бойынша жарыссөздер өтті. Прокурор айыпталушыны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық сотында Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қаралды.
Жарыссөз кезінде тілшілердің онлайн байланысқа шығуына мүмкіндік жасалды.
Сот отырысы кезінде прокурор айыпталушы Бекеновті 6 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын өтеуді қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде белгілеуді сұрады.
Оның атап өтуінше, әйелдің бетінде жарақаттан кейін қалған тыртықтар өздігімен кетпейді. Сондықтан, пластикалық операция жасату қажет. Қылмыстық іс ауыр қылмыстар санатына жатқызылған.
Ал жәбірленуші Айнагүл Бекенова бұрынғы күйеуін кешіретінін айтты. «Мен оған кешірім беремін. Бірақ, бостандыққа шыққан соң, мені мазаламауы тиіс», - деді жарыссөзде ол.
Бекенов болса, кінәсын мойындап, кәмелетке толмаған балалары үшін бостандығынан айырмауды сұрады және қойылған барлық талапты орындауға уәде етті.
Айта кетейік, оқиға биыл наурыз айында болды. Ерлі-зайыпты ажырасқан соң бұрынғы күйеуі әйелінің жұмыс орнына барып, оны ұрып-соқққан, бетін бірнеше рет өткір затпен тілген.
Кейін іс тергеуге алынып, қылмыстық іс қозғалды. Сотталушы өз кінәсін мойындады.
Сот үкімі ертең шығарылады.
- 4 кеншінің өлімі: Жұмыс берушілердің кінәсі дәлелденді
- Қостанайда 46 жастағы әйел бастаған топ мал ұрлығымен айналысып келген
- Астанада металл қабылдайтын 14 орын иесі әкімшілік жауапқа тартылмақ
- Полиция Туризм Академиясы президентінің кабинетінде түсірілген фотоны тексеріп жатыр
-
Таразда қылмыстық топтың әрекетінен мемлекетке 10 млрд теңге шығын келді
-
Жансақтау бөлімінен шыға сала науқастарды емдеуге кірістім – ақтөбелік дәрігер Ерлан Тәтімов
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам