+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақтөбелік келіншек аяқ киімге телефон жасырып, түрмеге өткізбек болды

2021 жылғы 16 маусым 06:30
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік келіншек аяқ киімге телефон жасырып, түрмеге өткізбек болды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Түрмедегі күйеуіне аяқ киім апарып, табанына телефон жасырған ақтөбелік әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жалған медициналық құжаттар сатқан 3 түркістандық азамат ұсталды Алматы тұрғыны 13 жасар өгей қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды Ақтөбелік СҚО-да синтетикалық есірткі таратумен айналысқан

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Полиция департаменті және Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Асыра лақтыру» жедел-алдын алу шарасын өткізді.

Нәтижесінде, КА-168/2 мекемесінің негізгі қоршауы арқылы мекемеге тыйым салынған заттары бар үш түйіншекті лақтыруға тырысқан 26 жастағы ақтөбелік ұсталды. Тексеру кезінде азаматтан үш зат анықталды. Оның екеуі ұялы телефон және біреуі ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдіктектес зат. Азаматтың жеке тұлғасын анықтау барысында, оның бұрын сотталғаны анықталды.


Сонымен бірге КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері 33 жастағы әйел әкелген заттарды тексеріп, аяқ киім табанына мұқият жасырылған 2 шағын ұялы телефон және USB шнурын тәркіленді.
«Екі жағдай мекеменің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді. Бірінші дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екінші дерек бойынша күйеуі үшін заң бұзған әйел әкімшілік жауапқа тартылады», - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев.
Айта кетейік, жыл басынан бері есірткі заттарын жасырын түрде өткізбек болған 8 жағдай анықталды.

Ал «Асыра лақтыру» шарасы кезінде 20 ұялы телефон, 20 sim карта, 9 құлаққап, 6 қуаттағыш, 1 флеш-карта, 2 ұялы телефон батареясы тәркіленді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT