Ақтөбелік кәсіпкерлер студенттерді жұмысқа шақырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік кәсіпкерлер биыл диплом алатын студенттерді жұмысқа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі кәсіпкерлер палатасы кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарының арасындағы серіктестікке ықпал етті. Нәтижесінде биыл қолына диплом алатын жас мамандар жұмыс тапты. Ақтөбе техника-технологиялық колледжін 126 жас бітірсе, оның 70 пайызын мейрамханалар мен дәмханалар жұмысқа шақырды.

«Тамақтану, қоғамдық тамақтану қызметіне қажетті мамандарды даярлаудың тиімді тәсілі осы. Жастарға жұмыс, ал кәсіпкерлерге жұмысшы қажет. Жұмыс берушілердің оқу үдерісін араласса өзіне қажетті кадрды тәрбиелеп алады. Бұл - білім беру бағдарламасына көңіл бөлу және материалдық-техникалық базаны бірігіп пайдалану деген сөз. Бұл жерде қайырымдылық емес, әріптестік туралы айтып отырмыз », - дейді Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі. Колледже білім алғандардың жұмысқа орналасуына «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен Ақтөбе облысының мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығы көмектеседі. Шара барысында жұмыс берушілердің қатысуымен еңбек жәрмеңкесі өткізілді.

Айта кетейік, жұмыс берушілер тәжірибе сабақтары кезінде өздерін лайықты көрсете білгендерді жұмысқа жиі алады. Жұмысқа шақыру сертификатын үлестіру кезінде мамандықпен танысу және кәсіптік бағдар беру мақсатында қаладағы 32 мектептің 100 жоғарғы сынып оқушысы қатыстырылды. Оларға колледж студенттерінің жұмыстарынан көрме және шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар