Ақтөбелік кәсіпкерлер Арысқа қомақты қаржы аударды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлер "Атамекеннің" үндеуіне үлес қосып, қаржы аударып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін "Дастан" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Асхат Айтжанов 3 миллион теңге, "Анвар" ЖШС-нің бас директоры Талғат Салфиков 1 миллион теңге, "Парижская коммуна ХХІ" ЖШС-нің құрылтайшысы Гайк Тертерян 2 миллион теңге аударып, "Глобал-Спецодежда" ЖШС 2 миллион теңгеге көрпе, жастық, төсек орын жабдығы мен жейде жіберді. Сонымен қатар осы компания жұмысшылары 260 мың теңге жинап берді.

"Арыстағы жағдай бір қаланы емес, бүкіл елді алаңдатты. Шағын ұжым төтенше жағдайда қалған тұрғындарды қолдау үшін бірден ақша аударуға шешім қабылдады. Әр адам қолында барын беріп, лебізін білдірді. Жұмысшылардың өзі 260 мың теңге жинап берді", - деді "Глобал-Спецодежда" ЖШС-нің директоры Надежда Шабаева.

Айта кетейік, ақтөбелік іскер әйелдер кеңесі 300 мың теңге жинады. Ақша арнайы есепшотқа аударылды. Әрі "Жылдамдық" курсының түлектері гуманитарлық және материалдық көмек акциясын бастады. Бизнесті енді бастаған кәсіпкерлер 140 мың теңге жинаған.

Еске салсақ
, кеше "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ 50 миллион теңге аударды.

Соңғы жаңалықтар