Ақтөбелік кәсіпкер жалғызбасты анаға пәтер сыйлады

None
None
ШАЛҚАР. ҚазАқпарат - Шалқар ауданының кәсіпкері Бибігүл Боранқұлова қызын өзі бағып отырған анаға үш бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Шалқар қаласының тұрғыны Мөлдір Жаналинова 2007 жылдан бері кәсіпкер Бибігүл Боранқұлованың жанында жұмыс істейді. Уақытпен санаспай еңбек етіп, өз жұмысына адал болған ауылдасын басшы құрметтеді, тосынсый жасады. Өміріндегі ең қымбат сыйға ие болған жалғызбасты ана бұл жаңалыққа әлі сенер-сенбесін білмей отыр.

«Әкем 24 жасымда кәсіпкер Бибігүл Боранқұловаға тапсырды. Кез келген жұмысты істейтінімді қоса айтты. 2007 жылы жергілікті тұрғын үй кезегіне де тұрдым. Әкімдікке барып, жағдайымды да айттым. Бірақ баспана кәсіпкерден бұйырып тұр. 13 жыл бойы еңбек еттім, қызым да қуаныш сыйлап, биыл мектепті үздік аттестатпен аяқтады. Бұл маған тосынсый болды. «Еңбегің сіңді» деп бағалады, ешкім бере алмаған сыйды жасады. Жақсылығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Әлі «шынымен үйім бар ма» деп өз-өзіме сұрақ қойып жүрмін. Еңбегін қалай қайтарарымды да білмеймін», - деді Мөлдір Жаналинова.

Айта кетейік, Бибігүл Боранқұлова өз жұмысшысына берген сыйы, жақсылығы туралы ештеңе айтуды қаламады. Кәсіпкер мұны атақ, мақтан үшін істемгенін ғана ескертті.

Соңғы жаңалықтар