Ақтөбелік кәсіпкер 10 балалы отбасына төрт бөлмелі пәтер сыйлады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде шағын отбасыға арналған жатақханада тұрып, кәсіпкерден көмек сұраған Хамзиндер отбасы ерекше сыйға бөленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында көпбалалы, мұқтаж отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы түсіндірілді. Жиын кезінде өңір кәсіпкерлерінің көмегімен 8 адамға пәтер берілгені айтылды. Бәрі де пәтерге аса мұқтаж, көпбалалы отбасыға берілген. null

«Елбасы кәсіпкерлерге үндеу жолдап, мұқтаж адамдарға көмек беруді тапсырды. Бұған дейін қалада 7 отбасы осы жолмен баспаналы болды. Бүгін тағы бір отбасыға «Центр групп» компаниясының директоры Мұрат Балғазин қуаныш сыйлап отыр», - деді қала әкімі Ілияс Испанов.null

Құрылыс компаниясы бұған дейін де алдына келген мұқтаж отбасыларды құр жібермей, көмек беріп келеді. Бұл жолы көпбалалы отбасы хабарласып, үй алуға жеңілдік беруді сұраған еді. Ал компания ақылдасып, сыйға беруге шешім қабылдады.

«Қонысбай Хамзинге аумағы 103 шаршы метр болатын төрт бөлмелі пәтер сыйға берілді. Оның отбасында 10 бала бар. Үлкені 17 жаста, кішкентайы 1-де. Отбасы тағы бір баланы күтіп отыр. Сондықтан компания қолдау көрсету жөнінде шешім шығарды», - деді компания өкілі Мұрат Балғазин.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласы бойынша 23 мыңнан астап адам пәтер кезегінде тұр.

Соңғы жаңалықтар