Ақтөбелік іскер әйелдер сайлауда өз таңдауын жасауға үндеді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде іскер әйелдер форумы өтті. Форумға қатысушылар ел болашағына серпін беріп, дамуын жетілдіретін сайлауға қатысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі «Анаға тағзым» орталығында облыстың және облыс орталығының іскер әйелдер қауымдастығы, облыстық сұйытылған газ тасымалдау қауымдастығы форум өткізді. Кәсіпкерлер ақтөбеліктерді сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.

«Елімізде тәуелсіздік алған күннен бастап гендер саясатына, ана мен бала өміріне ерекше көңіл бөлініп келеді. «Doing Business» дүниежүзілік банк рейтингі бойынша Қазақстан 140 елдің ішінен гендерлік теңдік бойынша 44-орында тұр. Сонымен қатар әйелдердің бизнестегі көрсеткіші бойынша 30-орында келеміз. Еліміз бойынша жалпы аймақтық өнімнің 40 пайызы әйелдердің үлесінде. Жыл өткен сайын экономиканың дамуына әйелдер де өз үлесін қосып, алға ұмтылып келеді. Осы тұрақтылықты сақтап, алға қадам басу үшін елімізде таңдау жасайтын сәт туды. Мен өзге әріптестерімді, әйелдер қауымын белсенді болуға шақырамын», - деді кәсіпкер Айнұр Бақтығалиева.

Жиын кезінде Ақтөбе облыстық сұйытылған газды тасымалдау қауымдастығының төрайымы Алтынай Мұқанова да өз пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау мақсатында дұрыс таңдау жасау қажет.

«Ел ішіндегі тұрақтылық экономикамыздың өркен жаюына ықпал етті. Біз алдағы уақытта даму жолын жалғастыруымыз керек. Ол үшін сайлауға барып, таңдау жасаған дұрыс», - деді Алтынай Мұқанова.

Соңғы жаңалықтар