+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Ақтөбелік еріктілер 4 жастағы қызды өгей әкесінен құтқарды

2019 жылғы 16 тамыз 14:57
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік еріктілер 4 жастағы қызды өгей әкесінен құтқарды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 4 жастан асқан қыз анасы қайтыс болған соң өгей әкесімен қалған. Ішімдіктің ортасына айналған үйден кір-қожалақ баланы полиция алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда IV халықаралық «Денсаулық сақтаудағы инновация - 2019» ғылыми форумы өтіп жатыр Маңғыстауда кей ауруханаларда өртелуге тиіс препараттар қоқыс жәшігінде жатқан Ақтауда тыйым салынған препарат сатқан дәріхана анықталды

Сал ауруына шалдыққан баланың мүшкіл хәлі туралы еріктілерге әлеуметтік желі арқылы хабар түскен. Хабар берген ақтөбелік ол үйдің ішімдік ұясы, ашулы адамдардың денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін екенін де ескертті. Еріктілер жанына полиция қызметкерлерін ертіп, 4 жастан асқан қызды үйден алып шықты.

«Екі жыл бұрын қыздың әкесі қайтыс болып, анасы азаматтық некедегі күйеуімен тұрған. Тамыз айының 8-інде анасы көз жұмып, кішкентай мүгедек қыз өгей әкесінің қарауында қалған. Бұл үй ішімдік ішетін адамдардың жеріне айналып кеткен. Біз полициямен бірге барып, кішкентай қызды алып кеттік. Қыздың күйі адам шошырлық жағдайға түскен. Шашы таралмаған, беті жырылған. Әрең тыныс алады, өкпесі сырылдайды. Дене қызуы көтеріліп, дерті асқына түскен. Кейін қалалық қорғаншылық органдарымен бірге «Үміт» сәбилер үйіне апарып, бақылауға алдық. Біз алдағы уақытта да барып, көмек көрсетіп тұрамыз», - деді ерікті Екатерина Голотина.

«Үміт» сәбилер үйіне қабылданған 4 жастағы қыз қазір ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы орташа ауыр.

«Туа бітті жүрек ауруымен есепте тұр. Оған кезінде ота да жасалған. Әрі анасынан баласына ЖИТС жұқпалы ауруы берілген секілді. Бұл диагноз әлі анықталады», - деді сәбилер үйінің бөлім меңгерушісі Нұргүл Сарманова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT