Ақтөбелік депутаттар мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасына азық-түлік таратты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАпарат - BizBirgemiz акциясына Ақтөбе облыстық мәслихатындағы Nur Otan фракциясы мүшелері үлес қосты. Бүгін олар мүгедек баласы бар отбасынп көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар Рамазан айы қарсаңында акцияны «Нұр Ғасыр» мешітімен бірлесе өткізді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жалпы сомасы 2 млн теңгені құрайтын азық-түлік қоржынын үлестірді.

«Қасиетті айда мұқтаж жандарға қол ұшын беру парыз. Өйткені Оразадағы игі істер мен мұқтаж жандарға, науқастарға көрсетілген жомарттылық үшін Алла Тағаланың сыйы еселенеді», - деді облыстық мәслихат депутаты Бердібек Төлеуов.
Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында халқымыздың бойындағы ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жеткен ең ізгі қасиеттер қауіпті індетті жеңіп шығуға септігін тигізетінін айтты.

«Біз қазір көмекке аса мұқтаж қарияларды, ардагерлерімізді, көпбалалы аналарды, әл-ауқаты төмен жандарды, жұмысқа жарамсыз адамдарды ерекше қамқорлыққа алуымыз керек», -деген болатын Елбасы.
Баласына көмек алған ананың бірі - Арайлым Маналиева. Ол депутатарға ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар