+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Ақтөбелік депутат ЭКСПО кезінде Димаштың анасының қолынан туристерге шай беруді ұсынды

2017 жылғы 12 мамыр 20:03
Бөлісіңіз:
Ақтөбелік депутат ЭКСПО кезінде Димаштың анасының қолынан туристерге шай беруді ұсынды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде Димаштың туған жеріне қытайлықтар келеді деп жоспарлап отыр. Қазір екі маршурт бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің сыртқы байланысы мен туристік маршруты бүгін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысында қаралды. Биыл жоспар бойынша Қобыланды батыр мемориалдық кешені жөнделеді. Абат-Байтақ мовзолейі де реттелмек. Себебі, Қобда ауданы «ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде шетелдіктерге ұсынылған екі туристік маршруттың біріне айналды. «Батырлар мекені» бағдарына Әлия ауылы, Қобыланды батыр кешені мен Абат-Байтақ мавзолейі енген. Екінші туристік маршрут - Мәртөк ауданында. Бұл жердің табиғаты ерекше болған соң қонақтардың таза ауада тыныстап, өзен жағасында, орман ішінде демалуына мүмкіндік жасалмақ. Жоспар бойынша ең көп турист Қытайдан келуі мүмкін. Олар Димаштың туған жері мен өскен өлкесін көргісі келеді.

«Қазіргі таңда Ақтөбеге келіп, өңірді көруді қалайтын адамдар саны артып отыр. Маған хабарласып, мағлұмат сұрайтындар көп. Егер келетін болса, біз не көрсете аламыз? Маусым айынан бастап бір мезетті 200-300 турист келуі де мүмкін ғой»,- деді Димаштың анасы, облыстық мәслихат депутаты Света Айтбаева.

Облыс бойынша 13, қала бойынша 5 маршрут бар. Бекітілгені осы. Көрмеге келетін шетелдік қонатарға әзірге екі туристік бағдар ұсынылды. Қытайлық туристер көп келуі мүмкін деген жоспармен алдағы уақытта тағы бір маршрут қосылуы мүмкін.

«Ақтөбеге Қытайдан туристер көп келеді деген жоспар бар. Бізде қытай тілін білетін гид-экскурсовод жоқ. Осы ең маңызды мәселеге айналды. Талап бойынша олар біздің өлкені, тарихты жетік білуі керек. Алдағы уақытта қытайлық мұнай компаниясының көмегіне жүгінетін боламыз»,- деді облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы.

Сөз арасында депутат Асқар Садықов ағаш үй макетіндегі қонақ үйде Димаштың анасы Света Айтбаева қонақтарға құрмет көрсетіп, шай құйса, нағыз туристік маршрут болады деген ұсыныс айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT