Ақтөбелік дәрігерлер жол апатында аман қалған 1 жасар баланың денсаулығы туралы айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсіп, дәрігерлер олардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жексенбі күні Ақтөбе К.Нокин даңғылы мен Шернияз көшесінің қиылысында екі көлік соқтығысып, үш адам мерт болды. Бүгін дәрігерлер сол жол-көлік апаты кезінде аман қалған жолаушылардың жағдайын айтты.

«1 жасар бала бас-ми жарақатын алған. Сонымен бірге сол жақ өкпесі жараланды. Сол жақ беті, құлағында да жарақат бар. Баланың жағдайы тұрақты. Қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен бірге 1959 жылы туған әйел де жабық бас-ми жарақатын алған. Қабырғалары сынып, сол жақ өкпесі зақымданды. 1-2 дәрежегі трваматикалық шок алған. Оның жағдайы ауыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Сонымен бірге 1997 жылы туған әйел де түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Оның жағдайы орташа ауыр.

Соңғы жаңалықтар