Ақтөбелік дәрігерлер төл мереке күні жетім балалардың есепшотын толықтырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік дәрігерлер 5 жетім баланың Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есепшотына ақша аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Балалар жылы жарияланып, «Бақытты бала» жобасы қолға алынған болатын. Дәрігерлер жоба аясында төл мереке күні жетім балаларды қамқорлығына алды. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, Алға балалар үйі тәрбиеленушілерінің баспанаға деп жинап жатқан есепшотына 500 мың теңге салынды. Бұл үрдіс, қайырымдылық әрі қарай жалғасады.
null 

Айта кетейік, Медицина қызметкерлері күні салтанатты шара өтіп, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақ халаттыларды құттықтады.

«Елбасының қолдауының арқасында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі медициналық қызмет көрсетудің жаңа сапалы деңгейіне шықты. Біздің облыстағы 10 мыңнан астам медицина қызметкері отандық медицинаның дамуына үлес қосып, емдеудің заманауи әдістерін енгізуге жағдай жасап келеді. Нәтижесінде халықтың өмір сүру ұзақтығы 73,5 жасқа жетіп, туу өсімі 3,6 пайызды құрады. Жалпы өлім-жітім 10,9% төмендеген. Өңірлік медкластердің ашылуымен Батыс өңірінің халқына көрсетілетін жоғары технологиялық медицина қызметтерінің көлемі айтарлықтай кеңейді», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Мереке күні медицина саласының қызметкерлері арнайы гранттар алып, 500 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды. Ал білікті алты дәрігерге пәтер кілті табыс етілді. Барлығы он аудандық медицина мекемесі қызметтік көлік сертификатын алды. 

null 

Соңғы жаңалықтар