Ақтөбелік дәрігерлер шекара бекетіндегі қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы аумағындағы Жайсаң шекара бекетінде жолаушы қаза болды. Әйелдің өліміне қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі Жайсаң бақылау-өткізу бекетінде қайлығы жағдай тіркеліп, өзін нашар сезінген әйел көз жұмды. Бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы шекарадағы өлімге қатысты түсініктеме берді. Өңірлік коммуникация қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, алдымен Мәртөк аудандық ауруханасына қоңырау түскен. Ал шақыруға шекарадан 12 шақырым қашықтықта орналасқан Жайсаң дәрігерлік амбулаториясының мамандары жіберілді. Бірақ науқас дәрігерлер жеткенше көз жұмды.

«Медициналық мекеменің дәрігері бірден жолға шығып,  оқиға орнына жетеді. Өкінішке қарай, дəрігер сағат 6:45-те әйелдің өлімін тіркеді. Мәртөк аудандық ауруханаға түскен шақыру мен дəрігердің өлімді анықтаған уақыты аралығында 30 минут бар. Өлімнің нақты себебі сот-медициналық сараптамасының қорытындысынан соң анықталатын болады», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Соңғы жаңалықтар