Ақтөбелік бойжеткен телефонының жануы салдарынан денесінің жартысын күйдіріп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұялы телефонының жарылуынан 28 жастағы Ақтөбе тұрғыны зардап шекті. Қуаттандырғышта тұрған ұялы телефон қыз ұйықтап жатқанда жарылды, деп хабарлайды «Диапазон» «Жедел-жәрдем» стансасына сілтеме жасап. Оқиға 17-нен 18 желтоқсанға қараған түні орын алды. Зардап шегуші денесінің 60 %-ын күйік шалған.

«Сағат 2:56-да қоңырау түсіп, 3:02-де «Жедел жәрдем» бригадасы айтылған мекенжайға жетті. «Жедел жәрдемді» көршілер шақырған. Өрт болған жерден біздің қызметкерлер 1988 жылы туған қызды ЖМКА-ға жеткізді. Денесінің 60 %-ы күйген. Қолы, аяғы, бетін 2 және 3 дәрежедегі күйік шалды», - деді «Жедел жәрдем» стансасы бас дәрігерінің емдеу ісі бойынша орынбасары Дастан Неталиева.

Дерек бойынша, ұялы телефон (маркасы анықталмаған) қуаттандырғышта тығулы тұрған. Қыз ұйықтап жатқанда, телефон жанған. 103 дәрігерлері олардың тәжірибесінде бұрын-соңды мұндай жағдай орын алмағанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар