Ақтөбелік ауылдастарына тегін қымыз таратып жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Алға ауданы, Бестамақ ауылында тұратын Анархан Бердібекова ауылдастарына тегін қымыз таратып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 жастағы Анархан Бердібекова «Zhas project» жобасына қатысып, 1 миллион теңге ұтып алды. Қаржының 600 мың теңгесіне құлынды бие сатып алса, қалған ақшаға жем-шөп жинады. null
«Әлеуметтік жоба туралы айтылған кезде отбасымызбен ақылдасып, бие ұстап, қымыз дайындауға тоқталдық. Мен өзім ештеңе білмедім. Бие саууды енем үйретті, өзі қымыз ыстап берді. Қазір әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мұқтаж отбасыға жеткізіп беремін. Аптасына екі рет үйлеріне барып, қымыз таратып жүрмін», - деді Анархан Бердібекова.

Қымыз арқылы ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға үлес қосып жүрген А.Бердібекова мұқтаж отбасылардың тізімін ауылдық әкімдіктен алды. Алты ай бойы тегін бал қымыз тарату міндетін алған жас кәсіпкер алдағы уақытта осы істі жалғастырмақ.

«Біз әзірге қымыздың бір түрін дайындап жүрміз. Жастар үшін жаңа мүмкіндік берілген кезде бірден жоба ұсынып, жеңімпаз атандым. Алдағы уақытта жеке кәсіпті дамытып, ұлттық сусынның бірнеше түрін дайындағымыз келеді. Сонымен қатар, сиыр, ешкі сүтіне сұраныс бар», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар