Ақтөбелік ауған соғысының ардагерлері сайлауда өз таңдауын жасайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін ауған соғысының ардагерлері өзара бас қосып, алдағы сайлауда белсенді болуға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетіндегі ауған соғысы ардагерлеріне арналған бөлме ашылып, бүгін сол орталықта басқосу болды. Ардагерлер Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс сайлау туралы үндеуін қолдап, еліміздің болашағы үшін әр адам дауыс беруге қатысуы қажет екенін айтты.

«Біз сайлау арқылы алдағы бағытымызды, болашағымызды айқындай аламыз. Қазақстан секілді мемлекет тек алға ұмтылып, даму жолын жалғастыруы керек. Бұл жолда президенттің рөлі орасан. Сондықтан кезектен тыс сайлауды қолдап, біз, ауған соғысының ардагерлері белсенділік таныту қажет деген ойдамыз», - деді «Ер Бақыт» спорттық-патриоттық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев.

Алдағы уақытта ауған соғысының ардагерлері студенттермен де кездеседі.

«Президенттік сайлауды күткеніміз анық. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың шешімі дұрыс болғанын айтып, қазір дайындықты бастап кеттік. Біз өз кезегімізде жастармен кездестік, оларды белсенді болуға, өз таңдауын жасауға шақырдық», - ауған соғысының ардагері Гумер Галеев.

Айта кетейік, Ақтөбеде 900-ден астам ауған соғысысның ардагері бар. Кеңес әскерінің ауған жерінен шығару күніне орай Ақтөбеде биыл ардагерлерге арнап арнайы кабинет ашылды. Мұнда олар танымдық кездесулер өткізіп, жастарды патриоттыққа, елін-жерін сүюге тәрбиелейді.

Соңғы жаңалықтар