Ақтөбелік атасынан қалған аңшы мылтығын полицияға тапсырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер акция кезінде 48 қаруды полицияға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының аумағында заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу республикалық акция жүргізіліп жатыр. Акция басталған 3 күнде 48, оның ішінде 6 бірлік ойық және 42 тегіс ұңғылы қару тапсырылды.
«Ойыл ауданының 20 жастағы тұрғыны полиция бөліміне 2 қару тапсырды. Олар: 16 калибрлі ИЖ аңшы мылтығы және ТОЗ-8 ойық ұнғылы мылтық. Жігіттің айтуынша, мылтық марқұм атасынан қалған. Акция туралы біліп, әкесімен ақылдасып, оларды тапсыруға бекінген. Заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсыруға ниет білдірген азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ақшалай сыйақы үшін тапсыруға ниет білдірген кез келген азамат аумақтық полиция бөліміне барып, өтініш бере алады»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Өтінішті полицияның кезекші бөлімдеріне беруге болады. Телефон арқылы ақпарат берген кезде қару сақталған жерге полиция қызметкері жіберіледі.


Соңғы жаңалықтар