Ақтөбелік арнайы жасақ қызметкерлері Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің екі қызметкері Азия чемпионатынан жеңіспен оралды. Олар Парижде өтетін Әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысындағы ІІД Арнайы даярлық басқармасының инспекторы Шыңғыс Шоқпытов пен жедел әрекет ететін арнайы жасақ Александр Борисов Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында өткен Азия чемпионатына қатысты. Чемпионатта «Сардар» лақап атымен танымал Шыңғыс Шоқпытов алтын медаль иеленді. Ол 100 келіге дейінгі салмақ санаты бойынша Моңғолия, Қырғызстан, Корея елдерінен қатысқан қарсыластарынан басым түсті.

«Әрбір спортшы жарысқа қатысып, мықтылығын дәлелдеуі тиіс. Ал патриот ел намысын, өзіне сенім артқан халқын ойлауы қажет. Бәрінен Корея елінен келген спортшымен күресу қиын болды. Көп күш жұмсағаныммен, мақсатыма жетіп, жеңіс тұғырынан көріндім. Алдағы уақытта Әлем чемпионатына қатысамын, дайындық басталып кетті», - деді самбо күресінен Азия чемпионы Шыңғыс Шоқпытов.

Ал 28 жастағы Алекстандр Борисов Финляндия, Моңғолия балуандарымен белдесіп, Түрікменстан спортшысына жол берді. Азия чемпионатының күміс жүлдегері 25 мамыр күні Парижде өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

«Біліктілігімді арттырып, әрі қарай жаттығамын. Әлем чемпионатында есемді қайтарғым келеді», - деді Алекстандр Борисов. 

Соңғы жаңалықтар