Ақтөбелік ардагерлер сайлауда белсенді болуға шақырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ардагерлер саябаққа жиналып, маусымда өтетін президент сайлауында белсенді болуға шақырды. Әрі өздері сайлауға қатысып, алғашқылардың қатарында дауыс беретінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы ардагерлер кеңесі бүгін ел үшін маңызды оқиға туралы ойларын айтты. Әр жылдары еңбек етіп, бейнеттің зейнетін көріп отырған олар өздері жиі басқосатын саябақта кездесті.

«Ақтөбе қаласында 40 мыңнан астам ардагер бар. Олардың арасында соғыс, тыл ардагерлері мен зейнеткерлер бар. Ал қала бойынша әр жерде 81 ардагерлер кеңесі жұмыс істеп тұр. Сайлау кезінде бәріміз бірігіп, дауыс беруге барамыз. Себебі бұл тарихи күн болмақ. Қазақстан өзінің екінші президентін сайлайды. Мұндай кезде әр адам болашағы үшін таңдау жасауы тиіс», - Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Хамза Қуан.

Ардагерлер бүгінгі басқосуда Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың үндеуі туралы да айтты. Бұл еліміздің даму қарқынын арттырып, тұрақтылықты сақтауға бағытталған шешім.
«Біз өзімізге керек, еліміздің дамуын еселейтін адамға дауыс береміз. Ардагерлер өзгелерге үлгі болып, дауыс беру кезінде жастарды да жанына ертеді. Осы ісіміз арқылы болашағымыздың бәрі өз қолымызда екенін көрсеткіміз келеді», - Хамза Қуан.

Соңғы жаңалықтар