Ақтөбелік ана 5 жасар қызына менингит жұқтырды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 5 жастағы қыздан менингит анықталды. Бүгін қоғамдық денсаулық сақтау департаменті диагнозды растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде  менингокок инфекциясы анадан балаға жұққанымен, қазір тек 5 жастағы қыз емделіп жатыр. Ал анасының ағзасынан ешқандай инфекция табылмады.

Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақша, үй іші мен қарым-қатынаста болған адамдарды тексере келе бүгін, сағат 12:00-де диагноздың расталғанын хабарлады. Зертханалық тексеру бойынша дәлелденген науқас қазір жұқпалы ауруға қарсы диспансерде ем қабылдап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар