Ақтөбелік әкім ардагерге ауыр сөз айтқаны үшін тәртіптік жазаға тартылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ауыл әкімінің ісі Әдеп кеңесінде қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай ауылының әкімі Әлібек Мұстафиннің ісі бүгін Әдеп кеңесінде қаралды. Бұған дейін хабарлағандай, әкім мен ардагер арасындағы келіспеушілік сотқа жетті.

Хромтау аудандық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлімі бойынша Абай ауылының әкімі Абай Мұстафинге қатысты істі қарады.

Іс материалына сүйенсек, 2019 жылдың 9 мамыры күні сағат 10:20-да Абай ауылының әкімі Ә.Мұстафин Ардагер көшесінде орналасқан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында, яғни, қоғамдық орында И.Аржинтті балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған.
«Ардагермін» деп айтқан кезде «ардагер емессіз» деп айттым. Сол кезде ар-намысыма тиетін сөздер айтты. Мен де «кет, құры» дедім», - деді әкім Әлібек Мұстафин.
Айта кетейік, Әдеп кеңесі мемлекеттік қызметкердің бұл ісі қате екенін айтып, қатаң сөгіс берді.

null

Соңғы жаңалықтар