Ақтөбелік әкім ардагерге ауыр сөз айтқаны үшін айыппұл төлейді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Абай ауылының әкімі Әлібек Мұстафин ауыр сөз айтқаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім мен ардагер арасындағы келіспеушілік сотқа жетті. Хромтау аудандық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлімі бойынша Абай ауылының әкімі Абай Мұстафинге қатысты істі қарады. Іс материалына сүйенсек, 2019 жылдың 9 мамыры күні сағат 10:20-да Абай ауылының әкімі Ә.Мустафин Ардагер көшесінде орналасқан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш маңында, яғни, қоғамдық орында И.Аржинтті балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

«Сот отырысында құқықбұзушы Ә. Мустафин өзінің кінәсін мойындамады. Жеңіс күніне арналған салтанатты жиында ауыл әкімі ретінде құттықтау сөз айтқанын, сол кезде И.В.Аржинт келіп, өзіне ардагер ретінде сөз беруін сұраған. Әкім ауыл тұрғыны Аржинтті ардегер емес деп саябақтың кіреберісінде ескерту жасайды. Араларында жанжал туындап, бір-біріне балағат сөздер, яғни, әкім нақты «кет құры» деп орысшалап айтқанын жасырмады.

Жәбірленуші И.В.Аржинт Абай ауылының тұрғыны және Семей ядролық полигоны ардагері. Соған сәйкес Әлібек Мұстафинге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 12 625 теңге айыппұл салынсын», - деді судья Саягүл Жұмашкина.

Абай ауылының әкімі Әлібек Мустафин бұл іске қатысты өз ойын білдірді. «Сот қаулысына келіспеймін, тағы да арызданамын. Себебі ол саханада тұрып, ар-намысыма тиетін сөздер айтты. Мен де арыз беріп, сот тұрғынға айыппұл салған болатын», - деді Әлібек Мустафин.

Соңғы жаңалықтар