Ақтөбелік 25 қабатты үйден секіріп кетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 25 қабатты тұрғын үйден 33 жастағы әйел секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында қайғылы оқиға тіркелді.

«Ақтөбе ажары» тұрғын үй алабынан 33 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазір Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалды. Оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, оқиға бүгін түс мезгілде болды. Әлеуметтік желі пайдаланушылары әйелдің екі баласы барын, бірер күн бұрын өз-өзіне қол жұмсамақ болған, оны құтқарып қалғаны туралы жазуда. 

Соңғы жаңалықтар