Ақтөбелік 20 жылдан бері Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Қарғалы ауданында 1999 жылдан бері тұратын Қаламқас Турағазина Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаламқас Турағазина 1985 жылы тұрмысқа шығып, кейін Қазақстан тәуелсіздігін алған кезде Ресей территориясында қалып қойды. Бес баланың анасы 1999 жылы шекара асып келіп, Қарғалы ауданына қоныс аударды. Сол жерде жеке шаруашылықтарға көмектесіп, жалдамалы қызмет атқарды.

«Жаз айларында бау-бақшада жұмыс істедім. Картоп егіп, жинауға көмектестім. Кейбірі ақысын берді, екіншілері азық-түлікпен есептеседі. Күйеуім абақтыға жабылып, бес баланың бәрін өзім жеткіздім. Шынымды айтсам, біреуге барып, құжат жасату туралы өтініш айтуға қорықтым. Егер көмек сұрап барсам, мені шекара асырып жібереді деп ойладым. Менің Ресейде барар жерім, жақыным жоқ», - деді Қаламқас Турағазина.

null  Оның айтуынша, балалардың бәрі мектеп бітіріп, ер жеткен соң өздері барып, уақытша құжат жасатып алды. Тек науқас баласы мен өзі ешқайда шыға алмай отыр.

«Ресейдің Орынбор облысы, Кувандық ауданы, Орал ауылынан 1999 жылы келдік. Сол кезде Қарғалы ауданының Большевик аулына келіп, мектеп бітірдік. Өзім 11 сыныптан соң тұрмысқа шығып, құжат рәсімдеу үшін Ресейге бардым. Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беретін құжатты 2007 жылы алдым. Қазір үш балам бар. Ресей құжатымен жүрмін. Бес жыл сайын уақытын создырып жүрмін», -  Қаламқас Турағазинаның қызы Әлия Свайкулова.

Қаламқас Турағазинаның тағы бір қызы қайтыс болған. Қазір бір қызы тұрмыста, құжатын өзі жасатты. Ал кенжесі эпилепсия дертіне шалдығып, қажетті емді тегін ала алмай отыр. Себебі, оның еш құжаты жоқ.null

Бүгін бұл отбасы көші-қон қызметіне барып, құжат дайындаудың жолдарын білді.

«Қаламқас Турағазина бізге 2008 жылы тұрақты тұруға келді. Ол Қарғалы ауданына тіркеуге тұрды. Белгісіз бір себептермен Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беретін құжатты рәсімдемеген. Қазір құжаттарын тексеріп, тұрғылықты мекенжайға тіркеуі мен Ресейдің паспорты барын көріп отырмыз. Енді Қазақстанда тұрғылықты жері бар шетел азаматының құжатын дайындау қажет болып тұр. Сол құжат болса азаматтық алуға өтініш жасай алады.  Қаламқас Турағазина Ресей азаматы болған соң құжат дайындау қысқартылған тәртіпті өтеді. Бар болғаны 3 айда азаматтық беріледі. Қазір Қарғалы аудандық көші-қон қызметіне барып, Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беретін құжатты алады. Кейін Орал қаласындағы елшілікке барып, Ресей азаматтығынан шығуға арыз жазады. Арыздан кейін анықтама құжаты беріледі. Сол анықтамамен Қарғалы аудандық көші-қон қызметіне барып, азаматтық алуға өтініш жазады. Құжатты дер кезінде рәсімдемегені үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді»,- деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің инспекторы Айгерім Картова.

Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы Қазақстан мен Ресей арасында жүріп, құжат рәсімдеуге қиналады. Олар құжаты болмаған соң тұрақты жұмысқа тұра алмайды. Жалдамалы қызметтегі балалары әкімшілік айыппұл мен құжат рәсімдеуге арналған қаржыны таба алмай отыр. 

Соңғы жаңалықтар