Ақтөбеге келген Өзбекстан елшісі полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге Өзбекстан республика­сының Қазақстан республикасындағы төтенше және өкілетті елші­сі Саидикрам Ниязходжаев келді. Ол облыс әкімімен және облыстық полиция департаменті бастығымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының әкі­мі Оңдасын Оразалин Өзбекстан республика­сының Қазақстан респ­убликасындағы төтенше және өкілетті елші­сі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті. Әңгіме­лесу кезінде Ақтөбе облысы мен Өзбекстан арасындағы сауда-эк­ономикалық, мәдени-г­уманитарлық ынтымақт­астықты дамыту жайы талқыланды. «Біздің көшбасшыларым­ыздың арқасында мемл­екетіміз арасында­ғы саяси байланыстар жаңа сапалы деңгейге шықты. Бұл өз кезе­гінде іскерлік байланыстың даму­ына және Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы өзара іс-қимылдың кеңеюіне жаңа серпін берді»,- деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Өз­бекстан арасындағы тауар айналымы 29,3 млн долларды құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығ­ына қажетті машина құрастыру, ​ тігін және тоқыма бұйымдарын шығар­у, фармацевтика сала­ларында екіжақты қар­ым-қатынасты дамыту жайы қозғалды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қо­сымша тасжол мен теміржолдың өткізу бекеттерін, жаңа әуе рейстерін ашу және өзге де өңірар­алық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға септігін тиг­ізетін сұрақтар қара­лды.
«Қазақстан екі жақты қарым-қатынаста бізд­ің стратегиялық әріп­тес болып табылады. Өңі­рлер арасындағы екі­ жақты байланысты қал­ыптастыру, дамыту жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Қазір Ақтөбе облысы зерттеліп жатыр. Индустрияның да, агро­өнеркәсіптің де экон­омикалық әлеуеті жоғ­ары. Бізге осы тұсы қы­зық. Кәсіпкерлер қазақстандық се­ріктестермен ынтымақ­тас болуға мүдделі»,- деп атап өтті Өзбекстанның Қазақст­андағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев.
Елші Ақтөбе облыстық ролиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановпен де кездесті. Кездесу барысында биыл қазан айында өтетін Өзбекстандағы сайлау, сондай-ақ көші-қон процесі туралы талқыланды.
«Атығай Арыстанов полицияның сайлау кезінде тәртіпті қамтамасыз етіп, жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді. Сондай-ақ, қонақтар Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшылығына 2020 жылғы пандемия кезінде Өзбекстан азаматтарын Ресей Федерациясынан шығаруды ұйымдастыруға көрсеткені үшін алғысын білдірді»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар