+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Ақтөбеге ителгі аулауға келген Сирия азаматтары ұсталды

2019 жылғы 12 қыркүйек 17:41
Бөлісіңіз:
Ақтөбеге ителгі аулауға келген Сирия азаматтары ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сирия азаматтары Ақтөбенің Байғанин ауданынан ұсталды. Олар Қазақстанға ителгі аулауға келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Браконьерлерге қатысты жаза күшейтіледі - Бас прокуратура Түркістан облысының прокуроры браконьерлермен күресті күшейтуді тапсырды БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ атып, өлтірмек болды

Ақтөбе облысында үш автокөлік ішінен елу дана көгершін табылды. Оқиға 30 тамыз күні сағат 23:00-де тіркелді. Байғанин ауданының Жаңажол ауылдық округі, Доңызтау маңында «Охотзоопром» РМКК инспекторлары «Монтера спорт», «Митсубиси Поджера» және «Тайота Ланд Крузер» көлігінің жолаушылары мен жүргізушісін аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді.

«Тексеру жұмыстары кезінде біреуі қазақстандық екені анықталды. Ал өзге бесеуі - Сирия азаматтары. Ұсталғандардың айтуынша, олар бірнеше күн бұрын Алматы қаласына келіп, Ақтөбеге бағыт алған. Көгершіндерді Арал маңындағы ауыл тұрғындарынан алған, оны азық үшін пайдаланған. Қазақстанға ителгі мекендейтін жерді іздеуге келген», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Осы іс бойынша Әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша шара қолданылды. Қазақстан және Сирия азаматының әрқайсысына 25 мың теңге айыппұл салынды. Екі Сирия азаматы Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жазаланды. Біреуі ескерту алса, екіншісі 15 тәулікке қамалды. Ал көгершіндер бостандыққа жіберілді.

Айта кетейік, ителгі Қызыл кітапқа енген. Оны аулауға болмайды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ақтөбе облысы, Экология, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT