Ақтөбеге еліміздің үздік полицейлері жиналды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа – үлгі» атты жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ІІМ КЖД, Ақтөбе облысының ПД басшылығы, облыс әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының өкілдері және батыр полицейлер қатысты. Дөңгелек үстел аясында жергілікті атқарушы органдардың, күш құрылымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.З. Тұрғымбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

«Мемлекет пен қоғам ішкі істер органдары өкілдерінің қайсарлығын жоғары бағалайды. Үздіктердің ішінде де үздіктер бар, ҚР Ішкі істер министрлігі өткізген »Қазіргі заман қаһарманы« (»Герои нашего времени«) республикалық акциясына Ақтөбеге ең үздіктері шақырылған» - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Бейсеев.

Сонымен қатар батыр–полицейлер Ақтөбе қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінің және №21, 60, 10, 40 мектептерінің оқушыларымен кездесіп, олар онда өздерінің күнделікті жұмысы және қызмет атқару кезінде қандай қиындықтарға тап болатыны туралы әңгімеледі. Оқушыларға полиция қызметкерлері мен адамдарды құтқару сәттерінің бейне роликтері көрсетілді.

«Полиция қызметкерлерінің ерлігін көріп, оқушылардың бойында жоғары патриоттық тәрбие қалыптасып, өз Отанына адалдық, жақындарына көмек көрсету және болашақта мамандық таңдауына ықпал етеді», - деп атап өтті Ақтөбе облысы ПД-нің кадр жұмысы басқармасының бастығы Жақсылық Нысаналин.

Акция 15 қарашаға дейін Ақтөбе облысында жалғасады. Полицейлер аймақтың бірқатар аудан орталықтарына барып, оқушылармен, оқу орындарының студенттерімен, ардагерлермен және халықпен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар