+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ақтөбеге CoronaVac вакцинасының 22 мың дозасы жеткізілді

2021 жылғы 18 маусым 18:29
Бөлісіңіз:
Ақтөбеге CoronaVac вакцинасының 22 мың дозасы жеткізілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгінде 60 мыңға жуық ақтөбелік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі компонентін де қабылдады. Өңірге тағы 22 мың доза CoronaVac вакцинасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда қазан айына дейін 747 мың адам вакцина алады Елордаға QazVac вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді Нұр-Сұлтанда тәулігіне 6 мың адам вакцина алып жатыр

Бір тәулікте өңірде тағы 34 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 27-і симтомды. Ауырып, ем іздегендер инфекциялық стационарларға жатызылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, қазір барлығы 145 адам ауруханада жатыр.

Оның біреуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен бірге 13 бала коронавирус инфекциясын жұқтырса, біреуі ауруханада.

Бір жүкті келіншек те дәрігерлер бақылауына алынған.

«Ақтөбе «жасыл» аймақта болғанымен, эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Соңғы күндері сәл де болса өсім тіркелді. Тұрғындарға аурудың алдын-алу үшін вакцинаның тиімділігін тағы еске саламыз. Өкініштісі – бұл жұмыс баяу. Ауруды тоқтататын тек вакцина екенін ұмытпаған жөн. Қарапайым қорғану тәсілдерін де ұстанған дұрыс», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.

Өңірге 202 450 доза вакцина жеткізілді. Оның 22 мың дозасы - CoronaVac вакцинасы.

Вакцина барлық медициналық ұйымға үлестірілді.

«Бүгінге дейін 104 305 адам І-компонентпен егілді. Ал 59 758 адам екі компонентін де салдырды»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT