Ақтөбеге 5 мың доза Спутник лайт вакцинасы жеткізілді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеге Спутник лайт вакцинасы жеткізілді. Барлығы 5 мың доза ревакциналау кезінде қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында бүгінде 355 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін де қабылдады. Ал 48 мыңнан астамы ревакцинациядан өтті. Pfizer-ді 9 мың адам салдырған.

«Облысқа 5 мың доза Спутник лайт вакцинасы жеткізілді. Бәрі де ревакциналау кезінде қолданылады. Қазіргі кезде емханаларға тарату, жеткізу жұмысы жүргізіліп жатыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясына шалдыққан 269 науқас ауруханада ем қабылдап жатыр. Оның 15-і жансақтау бөліміне түссе, екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Айтып өтейік, соңғы кезде вирус бала мен жүкті әйел арасынан жиі анықталып жатыр. Қазір дертке шалдыққан 410 баланың 34-і ауруханада. Сонымен бірге 227 жүкті әйелдің 56-сы ауруханадағы дәрігерлер бақылауына алынды. Бәрінің жағдайы орташа ауыр.


Соңғы жаңалықтар