Ақтөбеден басқа өңірлерде республикалық жолдар түгел ашық - ҚазАвтоЖол

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қалпына келуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар шетінен ашылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін таңғы 6:00 кезінде Алматы облысындағы «Алматы-Көпек-Көктал-Қорғас» жолының 132-230 шақырымы, яғни Байсейіт елдімекенінен Шонжа қаласына дейінгі учаскесі ашылды.

Сондай-ақ «Көкпек-Кеген-Түп» жолының 0-72 шақырымында көлік жүруіне рұқсат берілген. Бұл - Көкпек ауылын Кегенмен жалғайтын жол.

Сонымен қатар таңғы 6.30 шамасында Шығыс Қазақстан облысының «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман бұлақтары» жолының 6-166 шақырымында қозғалыс жанданды. Бұл учаске Ушановское елдімекені мен Алтай қаласы арасында жатыр.

Дәл қазір Ақтөбе өңіріндегі «Самара-Шымкент» тасжолының Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі учаскесінен басқа күре жолдардың бәрі ашық.

«Республикалық маңыздағы тасжолдарда қысқы күтіп ұстау жұмысын атқаруға 611 арнайы техника жұмылдырылды» деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясынан.


Соңғы жаңалықтар