Ақтөбеден Атырау арқылы Ресейге баратын жолдың ені 9 метрге дейін кеңейтіледі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолы 9 метрге дейін кеңейтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында ұзындығы 319 км «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» республикалық маңызы бар автожол учаскесін қайта жаңартылып жатыр. Ол Орталық Азияны Еуропамен, сондай-ақ Ресей Федерациясымен жалғайтын халықаралық дәліз болып саналады.

Жаңартылғаннан кейін жолдың ені 9 метрге дейін кеңейтіліп, қозғалыс жылдамдығы сағатына 120 км дейін рұқсат етілген II техникалық санаттағы күре жол болады.
null

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолын жөндеу жұмыстары 7 учаскеге бөлінген. Қазір оның 1 учаскесінде жұмыс аяқталды, қалған ұзындығы 230 шақырымды құрайтын 4 учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жасалуда.

160-220 км, 236-275 км, 275-330 км учаскелерін қайта жаңартуға халықаралық қаржы институттарынан, оның ішінде Азия даму банкінен қаражат тартылды.
null

Қалған 11-52 км, 52-100 км (Ақтөбе-Қандыағаш) учаскесі бойынша жобаға сәйкес жолды ІІІ-ші техникалық санаттан төрт жолақты қозғалысы бар І-ші техникалық санатқа ауыстыру туралы техникалық шешім қабылданған болатын. Қазіргі уақытта мердігер компанияны таудау үшін конкурстық құжаттама әзірленуде.

Халықаралық транзит дәлізін қайта жаңартудың арқасында Қазақстанның Қытай, Ресей және Батыс Еуропа елдері арасындағы транзиттік ағынның және тауар айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
null

Соңғы жаңалықтар