Ақтөбедегі жылқышылар қазасынан соң шаруашылық иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Байғанин ауданындағы Лақтыбай ауылында ақпан айында үш жылқышы қаза тапты. Үшеуі де оқ жарақатынан мерт болған. 

Осы оқиғаға қатысты облыстық ішкі істер департаменті бейберекет қару сақтаған шаруашылық иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақпан айында Байғанин ауданының Қызылбұлақ ауылында үш жылқышының мәйіті табылған болатын. Осы оқиғаға байланысты бейберекет қару сақтаған шаруашылық иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал қылмыстық іске байланысты 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр»,- делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , Ақтөбенің Байғанин ауданы, Лақтыбай мен Түгіскен ауылында үш жылқышы қаза болды. Көп ұзамай Ақтөбе қаласында жылдық есебін берген аудан әкімі Мамырғали Аққағазов «Абдулғазиз» шаруа қожалығында жылқышылардың ішімдік ішіп, соңы қылмыспен аяқталғанын растады . Қылмыстық оқиғадан соң қаза болған жылқышы Болат Бұхарбаевтың баласы Райымбек Әйтекенов тергеуге күмән келтіріп, тілшілерге мән-жайды айтып берген болатын .

Соңғы жаңалықтар