Ақтөбедегі жол-көлік оқиғасы кезінде аяғы сынған жігіт отаға дайындалып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі жол-көлік оқиғасы кезінде оң аяғы сынып, бас-ми жарақатын алған жігіт ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқасты отаға дайындауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі жол-көлік оқиғасы кезінде бір бойжеткен қаза болып, бірге серуендеп жүрген жігіт түрлі жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Қазіргі уақытта дәрігерлер жол апаты кезінде жарақат алған жігітті отаға дайындап жатыр.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен науқас қазір политравматология бөлімінде ем алып жатыр. Бірнеше дәрігер қарап, тексеруде. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Бас-ми жарақатын алған. Тексеру нәтижесінен соң оң жақ аяғының тізесіне ота жасалады», - деді облыстық жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Жаслан Урумбаев. Серуендеп жүріп, жоғары жылдамдықпен келе жатқан көліктен зардап шеккен жігіт Қостанай облысының тумасы. Туған-туыстары кеше дәрігерлермен телефон арқылы сөйлесіп, жігіттің жағдайын білген. Дәрігерлер науқастың палатасына ешкімді кіргізбей жатыр.

Айта кетейік, жоғары жылдамдықпен келіп, Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақтың жаяу жүргіншілер жолына өтіп кеткен жүргізуші де ауруханаға жатыр. 19 жастағы бойжеткеннің төс сүйегінде жабық жарақат бар. Ота жасауды қажет етпейді.

«Түнгі сағат 12:00 шамасында Президент паркінен он тоғыз жастағы қызды әкелді. Жағдайы орташа ауыр. Диагнозы - төс сүйегінің жабық сынығы, сол жақ қолы, оң жақ тізесінің жұмсақ тіндері соғылған. Науқасқа оперативтік ем қажет емес. Ес-түсін біледі», - деді дәрігер-травматолог Мұхтар Мырзабаев. 

null

Соңғы жаңалықтар