+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Ақтөбедегі жол апаты: Екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

2019 жылғы 5 қазан 15:55
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі жол апаты: Екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі жол апаты кезінде зардап шеккен екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер жол апатына ұшыраған әр оқушыны қарап шықты. Бір бала ми жарақатымен жансақтау бөліміне түсті.

«Ми жарақаты, мидың жұмсақ тіндері кесілді. Жағдайы тұрақты. Оперативті емге дайындалып жатыр. Тағы бір оқушы травматология бөліміне түсті. Оның қолында кесілген жарақат бар. Балаға хирургиялық ота жасалады. Тағы екі баланы ауруханаға жатқызу мәселесі қарастырылып жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрғандай ештеңе жоқ. Барлығы 8 ата-ана әкелінді, оның үшеуі травматологияда ем қабылдайды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы Солтүстік айналма жолдың 13 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автобус ішінде №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушы мен 9 ата-ана болған.

Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, Тәжікстан азаматы мінген «Ниссан» көлігімен соқтығысып қалды. Сол кезде автобус аударылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT