Ақтөбедегі жол апаты: Ата-аналар мектеп әкімшілігіне хабарламай табиғат аясына шыққан

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде аударылған автобуста болған оқушылар мен ата-аналар табиғат аясына шыққан. Оны мектеп әкімшілігі білмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ата-аналар жеке автобусты жалға алып, балаларымен табиғат аясында тынықпақ болған. №9 мектеп-гимназиясының әкімшілігі бұл туралы мүлде білмеген.

«Жүргізуші балалар мен ата-аналар мектеп жанында жиналды деп айтты. Бірақ мектеп басшылығы бұл сапардан мүлде бейхабар. Алдағы күндері мектеп басшылығымен жұмыс жүреді. Бәрі де 5 »А« сыныбының оқушылары. Автобус ішінде барлығы 27 адам болған. Арасында бірде-бір мұғалім жоқ, - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласындағы Солтүстік айналма жолдың 13 шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Автобус ішінде №9 мектеп-гимназиясының 18 оқушы мен 9 ата-ана болған.

Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзып, Тәжікстан азаматы мінген »Ниссан« көлігімен соқтығысып қалды. Сол кезде автобус аударылған.

Фото: diapazon.kz

Соңғы жаңалықтар