+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Ақтөбедегі жол апаты: 4 қырғызстандық  қаза тапты

2020 жылғы 16 қаңтар 14:31
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі жол апаты: 4 қырғызстандық  қаза тапты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара-Шымкент тасжолында жол апаты болып, 4 Қырғызстан азаматы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 01:30-да Самара-Шымкент тасжолының 1170 шақырымында, яғни, Ырғыз ауылы маңында болды.

«Лада-21070» автокөлігінің жүргізушісі, Қырғызстан Республикасының азаматы Арал қаласынан Ырғыз ауданына қарай бара жатқан. Ауа-райы қолайсыздығын ескермеген жүргізуші жолдың тайғақ учаскесінде қарсы бағытқа шығып кетіп, «Шевролет-Круз» автокөлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-21070» автокөлігінің 29 жасар жүргізушісі 3 жолаушымен бірге оқиға орнында көз жұмды. Бәрі Қырғызстан азаматы. Қазір бір жолаушы Ырғыз ауданының орталық ауруханасында жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT