Ақтөбедегі тұрақтандыру қорына жергілікті өнім сақталуда

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұрақтандыру қорына көкөніс жеткізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Ақтөбедегі тұрақтандыру қорына 100 пайыз жергілікті көкөніс салынады. Соған байланысты биыл үш шаруа қожалығымен фьючерсті келісімшарт жасалды.

«Шарт бойынша «СХФ Пригородный» ЖШС-і 186,7 млн теңгенің, «Еламан 2014» ЖШС-і 10 млн теңгенің, «Болат ЛТД» ЖШС 11,6 млн теңгенің көкөнісін тұрақтандыру қорына жеткізуі тиіс. «СХФ Пригородный» тұрақтандыру қорына 1939 тонна картоп, 535 тонна пияз, 419,5 тонна сәбіз бен 319,5 тонна қырыққабат өсіріп береді. «Еламан 2014» және «Болат ЛТД» ЖШС-нің әрқайсысы күзде 200 тоннадан картоп жинап береді. Барлығы тұрақтандыру қорына биыл 3613 тонна көкөніс салынады, оған биыл 240 млн теңге бөлінді», - деді «Ақтөбе» ӘКК агроөнеркәсіп кешені және азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Мирамбек Анаров.


Пияз толығымен жиналып, қазір қоймада құрғату процесінен өтіп жатыр. Сәбіз бен қырыққабат бір ай ішінде қоймаға жеткізіледі. Ал картоп алқаптарында жұмыс енді басталды.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорындағы көкөніс баға көтерілген кезде, негізінен желтоқсан-сәуір айлары аралығында саудаға шығарылады. «Табыс» коммуналдық базары мен шағын базарларда сатылады.


Соңғы жаңалықтар