Ақтөбедегі теракт: Қаза болған әскери қызметшілерді еске алу шарасы өтті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы 6655 әскери бөлімінде террорлық шабуыл кезінде қаза болған қызметкерлерді еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінде бүгін террорлық шабуыл кезінде қаза болған қызметкерлерді еске алуға арналған самбодан республикалық жарыс өтіп жатыр. Турнирге «Оңтүстік», «Шығыс», «Орталық», «Батыс» өңірлік қолбасшылығының және Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімі мен ҚР Ұлттық ұланы әскери институтынан 200-ден астам спортшы қатысып жатыр. Шараға 2016 жылдың 5 маусымында болған террорлық шабуыл кезінде қаза болған кіші лейтенант Берікжан Қалиевтің анасы Гүлжан Еренова да қатысты.
nullnull

«Ұлым қызмет еткен 6655 әскери бөлімі менің жылда келетін, еске алатын орныма айналды. Баламның мінезі жұмсақ, еңбекке адал еді. Кішіге қамқор бола білді. Баласының үлкені 10-сыныпты бітірді, кішісі мектеп табалдырығын енді аттайды. Артында төрт баласы бар. Бәрі әкесін мақтан тұтады, ерлігін үнемі айтып отырамын», - деді Гүлжан Еренова.

Еске салсақ, Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімінде террорлық шабуыл кезінде екі әскери қызметші, бір сарбаз қаза болды. Олар: майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және сарбаз Досбол Сапар. Қаза болған соң Даниэль Майлыбаевқа ІІ дәрежелі «Айбын», Берікжан Қалиев пен Досбол Сапарға ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Ал әскери бөлімде қаза болған қызметкерлерге арнайы мұражай ашылып, ескерткіш тақта қойылған болатын. Қазіргі кезде әскери бөлімде қауіпсіздік шарасы күшейтіліп, техника жаңартылды.
null

«Террорлық акттен кейін көп іс атқарылды. Әскери қалашықта қауіпсіздік шарасы күшейтіліп, қосымша қақпа жасалды. Күн сайын әскери бөлім территориясында терроризмге қарсы күрес, қорғануға бағытталған жауынгерлік дайындық өтеді. Мұнда барлық жерде камера бар әрі бақылау мұнарасы жөнделді», - деді ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары Павел Ситников. 
null

Соңғы жаңалықтар