Ақтөбедегі «Тәуелсіздік монументі» сүрілуі мүмкін

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының бас даңғылындағы «Тәуелсіздік монументі» сүрілуі мүмкін. Алматыдағы монументтің шағын көшірмесі 2008 жылдың желтоқсанында ашылды. Жергілікті билік пен кәсіпкер соттасып, қала әкімдігі жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе қаласындағы «Нұрдәулет» сауда үйі қала халқы мен қонақтарына жақсы таныс. Бұл жерде «Нұрдәулет» мешіті де бар. Кәсіпкер 2008 жылы тәуелсіздік күні қарсаңында «Тәуелсіздік монументінің» шағын көшірмесін орнатты. Ашылуына қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов қатысып, жергілікті әкімдіктің қызметкерлері де келген. Ал бүгін мұның бәрін қалалық әкімдік жоққа шығарып отыр.
null  

«Монумент көшірмесін орнатып, арнайы Мұхтар Шахановты шақырған едік. Қала, облыс әкімдігінен мемлекеттік қызметкерлер келді, көрді. Жыл сайын аумақ абаттандырылады. Сөйтіп жүргенде 2016 жылдың желтоқсанында «алып тастау керек» деген шешім шығарды. Бұл ұят болды. Еліміз бойынша Алматыдан бөлек Шымкент, Қарағанды, Ақтөбеде бар мұндай монумент»,- деді кәсіпкер Мақсат Байжарқынов.

Монумент көшірмесін қойған кезде арнайы құжат рәсімделмеген, тіркелмеген. Егер құжаттарын дұрыстау қажет десе, кәсіпкер заңға сәйкес реттеуді жөн көріп отыр. Бірақ бұзуға жол бермейді, Жоғары сотқа арыз жазады.

«Тәуелсіздігіміздің белгісін бұзуға біз жол бермейміз. Жергілікті әкімдік «зообаққа деп әкелген керікті ал» деді, оны алып тастадық. Балалар алаңын, ондағы аттракциондарды басқа жерге көшіре аламыз. Бірақ монументті сақтап қаламыз. Қажет болса халықаралық ұйымдардан көмек сұраймыз. Халық бізді қолдайды деп сенеміз. Бұл біздің теңдігіміз бен азаттығымыздың көрінісі»,- деді кәсіпкер.

Айта кетейік, жергілікті әкімдік Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойына жаяу жүргіншілер бульварын жасау туралы жобаны дайындап, тұрғындарға таныстырып үлгерді. «Қазіргі заманғы талаптарға сай, шағын сәулеттік нысандар, балардың ойын-сауық алаңдары, спортпен, дене шынықтырумен айналысу үшін алаңдар, суретшілер мен музыканттар өнерін көрсете алатын орындар, яғни Мәскеу қаласындағы Арбат көшесі секілді қалалықтар мен қала қонақтарының демалысы үшін жақсы бір аймақ ұйымдастыруға мүмкіндік береді»,- деп хабар таратты Ақтөбе қаласының әкімдігі. 
null  

Соңғы жаңалықтар