Ақтөбедегі шекарадан заңсыз өтпек болған 4 шетелдік ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында шекараны заңсыз өтті деген 4 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК сілтеме жасап.
«Күдіктілер биыл қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған. Алайда, Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар түнде жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар