Ақтөбедегі сауда орталығында вакцина егу пункті ашылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбедегі «Керуен city» сауда, ойын-сауық орталығында вакцина егу пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін мобильді жылжымалы топ сауда үйінде өз жұмысын бастады. Бұл — өңірдегі сауда үйінде ашылған алғашқы вакциналау пункті.

«Вакциналау пункті сағат 10:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Мұнда №3 қалалық емхана қызметкерлері жұмылдырылған. Пунктке барлық медициналық жабдық жеткізілді. Вакцина қабылдамас бұрын адамдар арнайы тексеруден өтеді. Терапевттің бақылауынан соң екпе беріледі. Талап бәріне ортақ. Жасы 18-ден асқан кез келген тұрғын иммундауға қатысады», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, ақтөбелік мұнайшылар Сауд Арабиясында өндірілген қытайлық «Синофарм» вакцинасын қабылдайды. 30 сәуір күні өңірде екі компонентті 22 мың доза жеткізіледі.


Соңғы жаңалықтар