Ақтөбедегі өрт кезінде қаза болған еріктілердің туыстары оқиғаның мән-жайын айтып берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл ауылындағы өрттен аман қалғандар оқиғаның мән-жайын айтып берді. Олар сапалақпен (өрт сөндіретін құрал - авт.) өрт сөндіріп, әлі келмеген соң кері қарай қашқан. Үлгермегендері өрт арасында қалып, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Ақтөбенің Сұлукөл ауылындағы өрт кезінде 4 адам қаза болды. Олар: ауыл әкімі Батырбек Бірлепесов, мұғалім Жолдыбек Әбдісәлімов, мектеп күзетшісі Жомарт Смаилов пен шаруа қожалығының жұмысшысы Жаңабай Әбішев. Бәрі де өрт сөндіруге шығып, қаза болды.
null

«Сұлукөлде тұрамын. Ауыл әкімі Батырбек менің ағам. Өрт 1 қыркүйек күні басталды. Көмек көрсетуге 3 қыркүйек күні бардым. Ол кезде өрт Қостанайдан келді. Өрт күшейіп, әліміз келмеді. Далалықта ұялы байланыс болмады. Ауылға жақындаған кезде Батырбек аудан орталығына хабар берді. Адамдардың шаршағанын, өрттің күшейгенін жеткізді. 4 қыркүйекте өрт ауылға жақындап, жел күшейді. Ағам сол оқиға орнында қаза болды. Арнайы киім деген мүлде болған емес. Өрт сөндірушілер өрт сөнген соң келді»,- деді Нұрболат Қушанов. Сұлукөл ауылының әкімі Батырбек Бірлепесовтың туған-туыстары ауылға жақындаған өртті сөндіремін деп қаза болған бауырының мадаққа лайық екенін айтып отыр. 

Сол кезде Әйтеке би ауданының 7 ауылында өрт болған. Аудандағы еріктілер дала өртін сөндіруге жұмылдырылған. Олардың қолына сапалақ берілген, кейбірі сумен өрт сөндірген. Бірақ аудан, ауыл әкімдігі жанынан жасақталған еріктілердің күші өртті сөндіруге жетпеген.

«Ауыл әкімі Батырбек Бірлесепов жел күшейіп, өрт ауылға 10 шақырым қалған кезде екі машинамен шыққан. Еріктілер су бүріккіші бар өрт сөндіру құралымен және сапалақпен алауды сөндірген. Бірақ үшеуі өрттен шыға алмай қалды. Бір мезгілде 7 ауылда өрт шықты. Бәрін бірдей қамтамасыз ету мүмкін болмады»,- деді Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары Темірбек Рахметов.

Айта кетейік, Сұлукөл ауылы маңындаы өтті 17 ерікті сөндірген. Өрт лап қойған кезде кейбірі қашып, жан сақтаған.
null

«Өрт жақындаған кезде қашып шығып, кейін қайта келдім. Сол кезде ауыл әкімі Батырбектің қаза болғанын көрдім. Сол жерде Жомартты, Жолдыбек болды. Біреуі көмектесіңдерші деп айқайласа, біреуі жерде жатты. Киімдерінің бәрі жанып кеткен екен»,- деді ауыл тұрғыны Дулат Аяғанов.

Айта кетейік, қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Ал ауыл тұрғындары өрт кезінде қаза болған еріктілерді ерлікпен қаза тапты деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар