Ақтөбедегі өрт: Қайырымдылық қорға ақша жиналып жатыр

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде өрт кезінде пәтерлері жарамсыз болып қалған тұрғындар үшін «Қолқанат Ақтөбе» қорына ақша жинау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл өрт төтенше жағдай емес. Әрі өрт 69-пәтерден шығып тұр. Тергеу жұмыстары аяқталған соң бәрі анықталады. Заң бойынша өртке пәтер иесі себепкер болса, бәрі сол адамға жүктелік, жөндеу жүргізілуі тиіс. Бірақ шешімді күтіп отырмай, демеушілердің көмегімен үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Қасбетін бояп қойдық. Тазарту, терезе салу басталды»,- деді қала әкімінің орынбасары Қуандық Қасымов.

Айта кетейік, бүгін қала әкімдігі, мәслихат пен «Қолқанат Ақтөбе» қоры бірігіп, жедел әрекет ету үшін басқосты. Жедел штаб құрылып, адамдардың шығыны есептеліп жатыр. Қор хатшысы Жайнагүл Бейсенбаева кез келген адам хабарласып, қаржы аударуға мүмкіндігі бар екенін жеткізді. Алдағы уақытта зардап шеккен адамдарға қор арқылы ғана ақша аударылады.

Еске салсақ, Ақтөбедегі 9 қабатты үй өртеніп, 200 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Сондай-ақ, оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды. Бүгін қалалық әкімдік өрт кезінде құтқаруға бар күштерін жұмсаған студенттер мен полиция, демалыста жүрген өрт сөндіру қызметкерлерін марапаттады. 

Соңғы жаңалықтар