+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ақтөбедегі өндіріс орны мен сауда үйінің жұмысшылары түгел вакцина салдырды

2021 жылғы 24 маусым 22:50
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі өндіріс орны мен сауда үйінің жұмысшылары түгел вакцина салдырды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша 113 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін қабылдады. Ал 70 мыңға жуық адам екі компонентін де салдырды. Бүгінде өңірдегі кейбір өндіріс орнының жұмысшылары түгел иммундалды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустың жаңа штамдарының таралуы: Балалардағы алғашқы белгілер Коронавирустан жазылғандар тегін оңалтудан өту үшін не істеуі керек Коронавирус жұқтырған 226 пациенттің жағдайы өте ауыр - министрлік

Ақтөбедегі «Динар-Электромаш» өндіріс орны мен «Энергия» сауда үйінің қызметкерлері түгел вакцинацияланды. Бұл өңірдегі ірі серіктестіктер. Онда 170-тен астам адам еңбек етеді. Компания құрылтайшысы Сергей Вищняк вакцинациялау жұмысының тиімділігі мен ұжымдағы ауызбіршілік туралы айтып берді.

«Адамның қандай да бір қадам жасауына көндірмес бұрын өзің мән-мағынасын, салмағын ұғынуың керек. Тарихқа сүйенсек, адамзат тарихында бірнеше індет болған. Тырысқақ, шешек сияқты ауруларды жеңу үшін вакцинаға жүгінгеніміз бәрімізге мәлім. Қазір де дәл сол жағдай. Вакцина – өмірімізді құтқарады. Менің ойымша, әлеуметтік желідегі дақпыртқа сенетін, білімі таяз адамдар ғана өзін, өзгені жолдан тайдырады. Ал маманнан кеңес алған, жан-жақты, көзі ашық адамның мұны ұлт саулығын сақтауға жасалған қадам екенін анық ұғынады. Пандемия бізді де айналып өтпеді. Өлімді көрдім, өзім де ауырдым. Ал өзгені сендіруге, көндіруге келер болсақ, жолы қарапайым. Адамдарды жақсы көру керек», - деді Сергей Вищняк. Оның айтуынша, жан-жағыңдағы адамдар аман жүрсін, ұзақ өмір сүрсін десең, вакцина салдырғаны жөн.

«Жаппай вакцина алып, қараң карантин шектеуін жеңілдеткендер бар. Соны үлгі тұтуымыз керек. Біздің мекемеге шіркеу, мешіт қызметкері, медицина мамандары мен эпидемиологтар жиі келеді. Олар түсіндіру жұмысын жүргізеді. Ал қарсы, көзқарасы өзге адамдармен жеке сөйлесіп, әңгіме-дүкен құрады. Райынан қайтара алмасаң да ой саласың. Сол ой күшейсе, ол да әріптестерін қолдайды. Сонымен бірге, елімізде «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заң бар. Ия, біз келушілерге қауіпсіздікті қамтамасыз етуіміз керек. Егер осы жолды таңдасақ, вакцина салдырсақ, үздіксіз жұмыс істеуге, табыс тұрақтылығына қол жеткіземіз. Мұны бәрі ұғынды. Тіпті олар өз отбасының мүшелерін ертіп келіп, екпе қабылдады»,- деді Сергей Вищняк.

Айта кетейік, қазір сауда үйінде санитариялық жағдай сақталған. Мұнда клиенттің дене қызуын өлшеп, қажет кезде масканы тегін таратады.

«Біз әр жұмысшыны құрметтейміз, бағалаймыз. Олар мұны анық сезеді. Жұмысшылар да сыйластыққа сыйластықпен жауап беріп, бізді қолдады», - деді құрылтайшы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT