Ақтөбедегі музыкалық колледж Димаштың фанаттарына құрмет көрсетті

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеге Димаштың фанаттары жиі келеді. Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледж Димаш Құдайбергеннің фанаттарына ұлттық салт-дәстүр мен өнерді таныстырып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайберген музыкалық колледжде білім алып жүріп, алғашқы байқауларды жеңіске жеткен соң фанаттары келіп, ол білім алған оқу орнымен танысуды әдетке айналдырған. Бұл жолы Ақтөбеге Лос Анджелестен Патрисия Груллион келді. Ол Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндерге тәнті болып, Орал қаласында өткен кешке арнайы қатысты. Кездесті, ықыласын білдірді. Кейін оның туған жері мен білім алған ордасына келіп, ұстаздарымен танысуға шешім қабылдаған.
null 

«Димаш Құдайбергеннің фанаттарымен танысып, оларға ұлттық салт-дәстүрімізді таныстырдық, дәстүрлі әндер шырқалып, қыздар би биледі. Шұбаттан дәм татты. Кейін колледжде білім алып жүрген өзге талантты балалардың өнерін тамашалап, өздерінің таңданысын жасыра алмады. Ешкімге ұқсамайтын ерекшелігімізді, қонақжайлылығымызды көрді. Олар бізден байланысты болады. Бұрын АҚШ елшілігімен тығыз қарым-қатынаста едік. Бірақ соңғы жылдары байланыс үзіліп қалды. Енді үзілген байланысты қайта жалғаймыз. Олар бізге, біз оларға концерттік бағдарламамен баруымыз мүмкін»,- деді Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледж директоры Аманжол Исмағұлов.

Ақтөбеге келген Патрисия Груллион Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледждің мұражайын тамашалап, өз қолтаңбасын қалдырды. Кездесуде колледж оқытушылары мен ардагерлер, оқу орнының тұңғыш директоры Қайырғали Қожанбаев болды.

«Шетелден, Қазақстанның өзге өңірлерінен фанаттар келіп жатыр. Патрисия Груллион арнайы келген соң ұстазы Марат Әйтімовпен кездесті. Бірнеше студенттің орындауында жақсы әндер тыңдады. Біздің түлегіміз Светлана Касьянды да таниды екен. Ол қазір Ресейде тұрады, опера әншісі болып жұмыс істейді»,- деді Аманжол Исмағұлов.

Ал Димаш Құдайбергеннің фанаты Патрисия Груллион әншінің ұстазы Марат Әйтімовке алғыс айтты.

«Димаш Құдайбергеннің ұстазы Марат Әйтімовпен танысу бақыты бұйырды. Ұстазы мықты, Димаштың жолы болған. Ол бізге уақыт бөліп, жанашырлық танытты»,- деді Патрисия Груллион.

Соңғы жаңалықтар