Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаны жасырған 19 cотталушыға рақымшылық жасалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында лаңкестік оқиғаны ұйымдастыруға қатысты сотты болғандардың апелляциялық шағым қаралды. Еске салайық, Ақтөбедегі лаңкестік оқиға ағымдағы жылдың маусым айында орын алған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотталғандандардың адвокаттары апелляциялық шағымында айыпталушылардың кінәларын мойындап, іс-әрекеттеріне өкінетіндерін және отбасы жағдайын ескере отырып, жазаларын жеңілдетуді сұраған болатын.

Сот алқасының қаулысымен 19 сотталушының жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің төрттен бірі қысқартылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты жасалған рақымшылыққа ілінгендер бұған дейін ҚР Қылмыстық Кодекстің қылмысты жасырып қалу, қылмыс туралы хабарламау баптары бойынша сотталған еді.

Сот алқасының қаулысымен 19 сотталушының жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің төрттен бірі қысқартылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты жасалған рақымшылыққа ілінгендер бұған дейін ҚР Қылмыстық Кодекстің қылмысты жасырып қалу, қылмыс туралы хабарламау баптары бойынша сотталған. Ал террористік топтың мүшелері Абрахманов, Қуанышбаев, Ақпанбетов, Рахметов, Қуанышбаев, Садихов, Таңатаров, Иманғалиев және Нұрмұхановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Оларға террористік қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.  Лаңкестік қылмыс жасағаны үшін сотталғандар Жұбанов , Сейтқалиев және Утеповтер апелляциялық шағым келтірмеген.   

Сот қаулысы шығарылатын ғимарат маңын бүгін де  полицейлер қоршап, сақтық шаралары күшейтілді.

Естеріңізге салсақ, маусымдағы терактіні ұйымдастырып, қатысқандардың жетеуі  өмірінің ақырына дейін абақтыға жабылған болатын. Ал екеуі ұзақ мерзімге сотталды.

Зада Зейін

Соңғы жаңалықтар