+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Ақтөбедегі қыздар төбелесі: Жауапты басшы қатаң сөгіс алды

2020 жылғы 25 қыркүйек 15:21
Бөлісіңіз:
Ақтөбедегі қыздар төбелесі: Жауапты басшы қатаң сөгіс алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы төбелестен соң аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қеңқияқтағы оқушы қыздар төбелесіне қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Ата-аналарға, балаларға қандай шара қолданылатыны тергеу аяқталып, сот шешімі шыққан соң ғана белгілі болады. Негізі оқиға 20 қыркүйек күні болды. Облыстық білім басқармасы 21 қыркүйекте ғана білді. Ақпарат кеш жетіп тұр. Оған дейін аудандық білім бөлімі, ішкі істер бөлімі, прокуратура тарапынан зерделеу жұмысы жүргізілген. Ал үш директор жұмыстан шығу туралы арыз жазып, кеткен. Оларды орнынан босату негізсіз болғандықтан қызметіне қайта оралды. Алдағы аптада аудан мектептеріндегі тәрбие жұмысы қаралады. Тергеу аяқталған соң қызметін толық атқара алмаса, директорларға қатысты шешім қабылданады», - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Айта кетейік, қазіргі кезде Темір аудандық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс жарияланды.

Еске сала кетейік, оқушы қыздар төбелесіп, қылмыстық іс қозғалды. Олар алдымен бір-бірімен әлеуметтік желідегі ортақ чат арқылы сөзге келіп, кейін кездесіп, төбелескен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT