Ақтөбедегі коронавиус жұқтырған адам Ресейден келген

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде коронавирус жұқтырған адам Мәскеуден ұшып келген. Қазір бір рейспен келген 57 адам да оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус жұқтырған ақтөбелік 22 наурыз күні сағат 7:00-де Мәскеуден келген рейстен түсті. Қазір барлығы 68 адам жатыр ауруханада оқшауланды. Үй жағдайында 38 тұрғын бар. Олардың жағдайы да тұрақты. Әр адам жеке бас гигиенасын сақтауы тиіс», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Әсет Қалиев, қаланы карантин мәселесі де әлі көтерілмегенін айтты. Егер адам саны көбейсе сұрақ қаралады.

«Осы аптада қосымша 4,5 миллион бетперде жеткізіледі. Сонымен қатар, арнайы цехта тәулігіне 10 мың дана медициналық бетперде дайындалып жатыр. Әрі 5 мың экспресс тест бар. 2 сағатта анықталады. Қосымша анализ Алматы қаласына жіберіліп жатыр. Барлығы 20 тепловизор жұмыс істеп тұр», - деді Әсет Қалиев.

Еске салсақ, кеше Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы тіркелгені туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар